Шанхай
ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер шекараларын бірігіп қорғайды. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен
Өзбекстан қорғаныс министрлері Астанада тиісті келісімге қол қойды. Ұйым
аясындағы кеңесте халықаралық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен
Ресей қорғаныс министрлерінің бұған дейінгі кездесуінде, Сергей Шойгу Орталық,
Оңтүстік Азия аумағы мен, Сирия, Ауғанстандағы терроризмге қарсы күш біріктіру
жайын айтқан-ды. Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Сириядағы операцияларына
жоғары баға берді. Екі ел терроризмге қарсы күресте тәжірибе алмасатын болып
келісті. Ал ұйым ішінде серіктестер өзара ақпарат алмасуды жетілдіреді. Жиынға
қатысушылар Қазақстан басшысының БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші сессиясындағы
жаһандық терроризмге қарсы коалиция құру бастамасының маңыздылығын ерекше
атады.
Иманғали
Тасмағамбетов, ҚР Қорғаныс министрі:
Бүгінгі
жағдайда терроризмге соққы берудің нәтижелі алаңын құру үшін, күресті біріге
жүргізу маңызды. Сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың да бұған белсене атсалысуы
керек деп есептейміз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ