«Қаралы
күндері Франция халқымен біргеміз!» Бүгін Астанадағы Франция елшілігіне барып,
көңіл айту кітабына жазба қалдырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Президент Франция мен Қазақстан арасында
жоғары деңгейдегі қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ таяудағы
ресми сапары барысында көрсетілген сый-құрметті бағалай отырып, Қазақстан
халқының атынан көңіл айту үшін елшілікке арнайы келгенін жеткізді. Парижде жасалған террорлық әрекеттер салдарынан
көптеген жазықсыз жандар қаза болғанын айта келе, «Терроризмнің ұлты мен діні
болмайды. Бұл - жалпыға ортақ қасірет»,- деді.
Нұрсұлтан
Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан
халқының атынан өзімнің көңілімді білдіріп, хаттама жаздым. Францияның президентіне
көңілімді білдірдім. Осы азалы күндері біз Франция халқымен біргеміз. Бұл ел
әлемдік тарих пен мәдениет ошақтарының бірі саналады. Сондықтан мұндай оқиға
біздің бәрімізге де ауыр тиеді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ