Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазғы Универсиадада қазақстандық жеңіл атлеттер 4 алтын медальды олжалады

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2015
  • 1598

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиадада Қазақстан 11 орынға орнықты. Спортшыларымыздың қоржынында алты алтын және 4 қола медаль бар. Үздіктер қатарында командалық бірінші орынды жарыс иелері иленеген. Екінші орында - Ресей. Үздік үштікті Қытай спортшылары тәмамдап тұр. Жазғы универсиададағы алты алтынның төртеуін қазақстандық жеңіл атлеттер жеңіп алды. Жеңіл атлет қыздарымыз Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина 100 метрлік эстафеталық жарыс жолын 44,28 секунд уақытта жүгіріп, Универсиада чемпиондары атанды.

Айта кетейік, Виктория Зябкина осы Универсиадада үш алтын иеленді. Бұған дейін ол 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруде топ жарған болатын. Тағы да бір жеңіл атлетіміз - Никита Филиппов - сырықпен секіруден 5 метр 50 сантимерлік биіктікті бағындырып, үздік атанды. Ал, Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Универсиада чемпионы атанып алтын алса, 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медаль иеленді. 58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев болса, қарсылас шыдатпай, чемпион атанды.

Берік ХАСЕНОВ