Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда спорт чемпиондары балаларға шеберлік сабақтарын үйретті

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2015
  • 1597

Қарағандыда спорт чемпиондары балаларға шеберлік сабақтарын үйретуге кірісті. Жазғы демалыста танымал спортшылар, тәжірибелі жаттықтырушылар жасөспірімдерге спорттың бірнеше түрінен аулаларда шеберлік сабақтарын өткізеді.

Жергілікті билік, осылайша жасөспірімдерді дене тәрбиесімен айналысып, салауатты өмір салтын сақтауға үндемек. Жазғы демалыс барысында балалар бокс, кикбокс, күрес, теннис, футбол, бадминтон, роликпен сырғанау секілді спорттың 7 түрінен сабақ алады. Бір қызығы - спорт сабақтары тұрғын үйлердің аулаларындағы спорт алаңдарында өтеді. Жазғы үйірмелерге қызығушылар көп. Дегенмен спортшылар балалардың арасында футболға қызығушылардың көп екенін айтады. Ал, қыздар жағы үстел теннисі мен бадминтонға бет бұрыпты. Көзге түскен жеткіншектер қыркүйекте қаладағы спорт мектептеріне  оқуға шақырылады.

Еркебұлан Смағұл, Қарағанды облысы үстел теннисі спорт мектебі директорының орынбасары:

Мектеп лагерлері мен аула балаларын спортқа баулу мақсатында өткізіп жатқан шара. Спорттың 7 түрінен өтеді. Футбол, жекпе-жек түрлерінен.

Айжан ҚУАШ