Русский Сайттың толық нұсқасы

Азат Перуашев: Тегераннан экономикалық санкциялардың шешілуі мұнай бағасының төмендеуіне алып келеді

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2015
  • 1039

«Алтылық» пен Иранның ядролық бағдарлама бойынша келісімге келуі нарықтағы мұнай бағасының төмендеуіне әкеліп, Қазақстан бюджетіне сынақ болуы мүмкін. Бұндай пікірді бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев білдірді. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Иранның шығаратын мұнайы екі есеге көбейіп кетсе, әрине, тек арзандауға ықпал етуі мүмкін. Сол себепті Қазақстанның ұлттық бюджетіне де бұл сынақ кезеңі деп айтуға болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ