Русский Сайттың толық нұсқасы

Француз фермерлері өнім бағасының түсіп кеткеніне наразы

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2015
  • 1315

Француз фермерлері ауыл шаруашлығы өнімдерінің көтерме сатып алу бағасы арзандап кеткеніне наразы. Шаруалар Германиямен арадағы шекараға тракторларын тізіп қойған. Осылайша өз қарсылықтарын білдіріп жатыр. Сондай-ақ ереуілшілер малдың қиын супермаркерттер мен кәсіпорындардың алдына төгіп тастаған.

Германияда жұмыс күші арзан. Сондықтан ол жақтан келетін тауардың бағасы да төмен. Осы ретте француздардың немістермен бәсекелесуі қиын болып тұр. Үкімет шұғыл шара қолданып, бұл мақсатқа 600 млн еуро көмек қаржы бөлді. Оған қоса, салықтық жеңілдіктер қарастырып, несиелерді кепілдендіруді де қолға алмақ. Алайда шаруалардың бұған да көнгісі жоқ. Париждік сарапшылардың пікіріне жүгінсек, бүгінде Францияда әрбір оныншы фермерлік шаруашылық банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған көрінеді. 

Джордж Турк, фермер:

Ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге ешқандай жағдай жасалмаған. Баға саясаты да ешқандай реттелмеген. Дүниежүзілік сауда ұйымы бізге екінші сұрыпты адам ретінде қарайды. Біз бұдан шаршадық. Жыл бойына тек уәде берумен келеді. Алайда түк өзгеріс жоқ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ