Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жазушы Адольф Арцишевскийдің «Бигельды Габдуллин: право на исповедь» кітабының тұсауы кесілді

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2015
  • 2181

Бүгін Алматыда жазушы Адольф Арцишевскийдің «Бигельды Габдуллин: право на исповедь» кітабының таныстырылымы болды. Тұсау кесер рәсіміне автормен бірге, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, белгілі прозаик Үміт Тәжікенова қатысты.

Жарық көрген деректі роман-эссе жазушы, журналист Бигелді Ғабдуллиннің өмір жолынан сыр шертеді. Алты тараудан тұратын туынды негізінен бас кейіпкердің естелік күнделігінен алынған жазбалар негізінде құрастырылған. 

Адольф Арцишевский, жазушы, автор:

Кейіпкердің өмір жолы менің қызығушылығымды тудырды. Оның басынан өткен күрделі кезеңдер әр адамның басында бола бермейді. Түсінесіз бе, оның іс-әрекеті барлығына бірдей ұнай бермейді. Бірақ ол қателескен күннің өзінде шынайылығымен ерекшеленеді.

Тұсаукесер барысында сөз алған жазушы Смағұл Елубай туындыға оң бағасын берді. «Романмен танысқан оқырман, жалпы адамды, ол өмір сүрген қоғамды түсінуге жол табады. "Қателік жасау" деген не деген сұрақтарға жауап алады», - дейді ол. 

Смағұл Елубай,  Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы:

Бұл кітапта біз өнеге алатын көп заттар бар. Ең біріншіден, «тар жол тайғақ кешуіміз». Біздің демократияға ұмтылған, тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылған, әділетті қоғам құруға ұмтылған. Сол бір қиын жылдарымыз көлеңкеде қалып қалмасын десек, осындай кітаптар шыққанын мақұлдау керек.

Самат ҚАНАҒАТОВ