Соңғы бір жарым жылда Елордада мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін
кешеуілдетудің 840 фактісі тіркелген. Мұндай олқылыққа Астана қаласының Сәулет
және қала құрылысы басқармасы жол берген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қоғамдық ұйым өткізген отырыс барысында айтылды.
Мемлекеттік қызмет
көрсету стандарттарында, атап айтсақ, тұрғындардан құжаттарды негізсіз талап
ету және құжаттарды рәсімдеу мерзімінің созылуы бойынша бірталай кемшіліктер
орын алған.
Мамандардың айтуынша, мемлекеттік мекемеде қызмет тиімділігі
деңгейінің бұлайша төмендеуіне Халыққа қызмет көрсету орталықтарының
жұмысындағы іркілістер себеп. Қызметтік кеңселердің аздығы да мемлекеттік
қызмет көрсету мерзімінің сақталуына кері әсерін тигізуде.
Виталий Силецкий, «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
ММ басшысы:
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты бірқатар бұзушылықтар бар. Десе де,
біз Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз.
Техникалық ақаулықтар болып тұрады. Ақпарат алмасу бойынша, тораптық операциялар
жүйесінде де олқылықтар бар. Адами факторды да атап өткен жөн. Бүгінде
мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 840 бұзушылықтар бойынша Мемлекеттік
қызмет және жемқорлықпен күрес департаменті тәртіптік жаза тағайындады.
Жұрағат БАМАН