Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жедел жәрдем қызметі 20 көлікпен толықты

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2015
  • 1222

Атырауда  қалалық жедел жәрдем қызметі су жаңа 20 көлікпен толықты. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Конституция күні мерекесі қарсаңында сала мамандарына отандық жаңа көліктердің кілтін табыс етті. Жедел-жәрдем көліктерінің екеуі педиатрлық, екеуі кардиологиялық, қалғандары фелдьшерлік бригадалар үшін жабдықталған.

Айта кетейік, соңғы уақытта жедел жәрдем қызметіне атыраулықтардың көңілі толмай келді. Норматив бойынша 1 көлік тәулігіне 14 шақырту қабылдау керек болса, бұған дейін оның жүктемесі екі есеге жуық, яғни 26 шақыртуға баратын болған. Сондықтан науқастарға жедел жәрдемді 30-40 минутқа дейін күтуге тура келетін. Енді жаңа көліктермен бірге бригадалар саны толыға түсетін болды. «Шақырту уақытын 15 минутқа дейін қысқартамыз», - дейді ақ халаттылар.

Ерлан Балғожин, Атырау қалалық медициналық жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері:

Жеке құрамымыздағы фельшерлік-дәрігерлік бригадалардың демалыс уақытының  нормативтен асып кетуі жеңілдейтін болды қазір. Шақыртуларды бөлу әрбір бригадаға азаятын болды бізге. Бұрын барып жүргені 16-18 машина, қазір енді көбейіп, 20 машина қосылғаннан кейін бригаданың санын әуелі 25-ке толтырамыз, сосын 36-ға жеткіземіз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ