Русский Сайттың толық нұсқасы

2016 жылы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кешенді аттестаттаудан өтеді

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2015
  • 926

Келесі жылы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестациялаудан өтеді.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аттестаттау кезінде қызметкердің заңдарды жатқа білуі ғана емес, жеке басына тән қасиеттер мен кәсіби құзыреті де бағаланады.

Сынақтың мақсаты - шенеуніктерді шетінен жұмыстан шығару емес. Керісінше, әлеуетін байқауға көмектеседі. Тіпті аттестациялық комиссияның көзіне түскендер қызмет бабымен ілгерілеп, өсуі де мүмкін, дейді ол.

Айта кетейік, Елбасы белгілеген 5 институционалды реформаны іске асырудың ұлттық 100 қадам жоспары бойынша шенеуніктердің адал қызметі мен біліктілігі маңызды.  Департамент басшысы командамен көшу үрдісіне де қатаң бақылау болатынын атап өтті.

Әли Көмекбаев, ҚР МҚІЖҚ іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықтың алдын алу департаментінің директоры:

Қазір дайындалған заң жобасының аясында келесі жылдан бастап басшы өз қалауымен көмекші, кеңесші мен хатшыны конкурстан тыс өзі тағайындай алады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ