Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 29 заң жобасы 1 қыркүйекте Парламент қарауына енгізіледі

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2015
  • 1077

Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 29 заң жобасы бірінші қыркүйекте Парламент қарауына енгізіледі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында осы туралы айтылды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында бес институционалдық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды. Мемлекет басшысы жаңғыртудың әрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті. "Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуге бағытталған актілер жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге жеттік. Қазір 57 заң жобасы әзірленді, соның 29-ын Үкімет бірінші қыркүйекте Парламенттің қарауына енгізеді, - деді Президент. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Берік ХАСЕНОВ