Русский Сайттың толық нұсқасы

Зарина Дияс «US Open» турнирінің алғашқы ойынын жеңіліспен бастады

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2015
  • 1478

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин теннистен «Үлкен дулыға» бәсекесі саналатын «US Open» турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Әлемдік рейтингте 56-шы орында тұрған отандасымыз бірінші раундта тайвандық Лю Йен-Сунмен бәсекеге түсіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Ойсырай ұтылып жатқанын түсінген тайвандық теннисші ойынды жалғастырудан бас тартты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:3, 3:0. Екінші кезеңде Кукушкин Болгария теннисшісі Григор Димитровпен кортқа шықпақ.

Ал тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс алғашқы бәсекесінде Словения теннисшісі Полона Херцогқа жол берді. Әлемдік рейтингте 35-ші орында тұрған спортшы бір жарым сағатқа созылған кездесуде 2:6, 5:7 есебімен жеңіліс тапты. Енді әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Юлия Путинцева қорғайтын болады. Ол өз кездесуін бүгін өткізеді.