Қазақстанның
бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин теннистен «Үлкен дулыға» бәсекесі саналатын
«US Open» турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Әлемдік рейтингте 56-шы
орында тұрған отандасымыз
бірінші раундта тайвандық
Лю Йен-Сунмен бәсекеге түсіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Ойсырай ұтылып жатқанын түсінген тайвандық
теннисші ойынды жалғастырудан бас тартты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:3, 3:0. Екінші кезеңде Кукушкин Болгария
теннисшісі Григор Димитровпен кортқа шықпақ.
Ал тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс
алғашқы бәсекесінде Словения теннисшісі Полона Херцогқа жол берді. Әлемдік
рейтингте 35-ші орында тұрған спортшы бір жарым сағатқа созылған кездесуде 2:6,
5:7 есебімен жеңіліс тапты. Енді әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан
намысын Юлия Путинцева қорғайтын болады. Ол өз кездесуін бүгін өткізеді.