Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Мәжілісі жалпы отырысын бастады

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015
  • 1137

Парламент Мәжілісінің депутаттары қызу жұмысқа кірісті. Бүгін алғашқы пленарлық отырыс өткізіп, бірден 45 сұрақты қарауға алады. Бірқатар маңызды мәселенің басын қайырмақ халық қалаулылары. Бұған дейін дау тудырып келген еңбек кодексі туралы заң жобасы да талқыға түспек. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет, автомобиль тасымалдары, сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі, электроэнергетика мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, салық салу және кедендік әкімшілендіру туралы өзге де заң жобаларын қарап үлгермек депутаттар.

Сонымен жазғы демалыстан күш жинап қайтқан депутаттар 45 сұрақтың нешеуі бойынша бір мәмілеге келіп, қанша заң жобасын толықтыру үшін құзырлы органға кері қайтарады? Бесінші шақырылымның бесінші сессиясының алғышқы жалпы отырысы жайында толығырақ мәліметті сағат бірде және кешкі сегізде шығатын жаңалықтарымыздан біле алатын боласыздар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ