Русский Сайттың толық нұсқасы

«Барыс» хоккей командасы ұпай жоғалтты

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015
  • 1121

«Барыс» кезекті рет ұпай жоғалтты. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген елорданың «Барысы» кезекті рет ұпай жоғалтты. Челябі қаласында жергілікті «Трактор» командасымен кездескен Ерлан Сағымбаевтың шәкірттері 2-1 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.

Жанкүйерлердің қолдауынан қуат алған айдын иелері Ян Лацо қақпасына Кокуев пен Паренің көмегімен екі бірдей шайба соқты. Ал қонақтар сапынан жалғыз шайбаны Вадим Краснослободцев еншісіне жазды. 4 ойында 3 ұпай жинаған «Барыс» турнир кестесінің 11 орнына сырғыды. Келесі кездесуін астаналық ұжым ертең сырт айдында Магнитогорскінің «Металлургіне» қарсы өткізеді.