Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ресей Федерациясының президентімен кездесті

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2015
  • 990

Елбасы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі маңызды жайттарға қатысты ұстанымдарды қарастырған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанындағы Орталық партия мектебінде дәріс оқыды. Президент, Қытай халқын милитаристік Жапонияға қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, Қытайдың Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қосқан үлесіне баға жетпейтінін атап өтті.

Дәріс барысында екі мемлекеттің қарым-қатынастары сапалық тұрғыдан өсе түскені де тілге тиек етілді. «Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 337 миллион доллардан 22 миллиард долларға дейін өсті. Соңғы екі жылдың өзінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын екіжақты келісімшарттарға қол қойылды. Біз түрлі салаларда 250-ден аса үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерді бекіттік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, ол елдеріміздің көптеген халықаралық мәселелер бойынша ұстанымы ортақ екеніне назар аударып, ядролық қарусыз аймақ туралы шартқа қатысушы Орталық Азиядағы мемлекеттерге сөзсіз негативті кепілдік бергені үшін, Қытайға алғыс айтты. Қазақстан Президенті сондай-ақ Орталық партия мектебі басшылығымен әңгімелесіп, «Құрметті қонақтар» кітабына қолтаңба қалдырды. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА