Сенат
үш буынды сот жүйесіне көшуге байланысты Азаматтық процестік кодекстің жобасын
кері қайтарып алды. 9 шілдеде Сенат отырысында 2 заң жобасы қабылдаған.
Олар: Азаматтық процестік кодекс пен «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне
азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы».
Осы екі заң жобасы өзгертулермен, толықтырулар
енгізіліп Мәжіліске қарауға жіберілген. Алайда 5 институционалдық реформада
Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамаға үш буынды сот жүйесіне көшу мәселесі
бойынша өзгертулер енгізу қажеттігіне назар аударды. Енді аталмыш заң жобалары
қайта қаралады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ