Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенаттың жалпы отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2015
  • 1103

Сенат үш буынды сот жүйесіне көшуге байланысты Азаматтық процестік кодекстің жобасын кері қайтарып алды. 9 шілдеде Сенат отырысында 2 заң жобасы қабылдаған. Олар: Азаматтық процестік кодекс пен «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Осы екі заң жобасы өзгертулермен, толықтырулар енгізіліп Мәжіліске қарауға жіберілген. Алайда 5 институционалдық реформада Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамаға үш буынды сот жүйесіне көшу мәселесі бойынша өзгертулер енгізу қажеттігіне назар аударды. Енді аталмыш заң жобалары қайта қаралады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ