Қостанайдағы
құрылыс колледжінде «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының басқосуы өтті.
Жиын барысында партияның білім және ғылым саласына қатысты бағдарламасы талқыға
түсті.
Қостанай
құрылыс колледжінің қабырғасында 4 жыл бұрын бастауыш партия ұйымы құрылған.
Ұйымның мүшелігінде 20 адам бар. Жалпы облыс аумағында 445 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.
Бүгінде олардың барлығында алқалы жиындар мен келелі кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсат
- партияның бағдарламалық құжаттарын кеңінен түсіндіру мен насихаттау жұмыстарын талқылау.
Абылайхан
Кәкенов, «Нұр Отан» партиясы Қостанай
облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:
Ең
бастысы - бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қандай жұмыс істеліп жатыр, «Нұр Отан»
партиясы тарапынан қандай шаруалар атқарылып жатыр - соны егжей-тегжейлі халыққа
жеткізу. Мәселен, мінекей құрылыс
колледжінде жастармен жұмыс істеген кезде, қандай насихат жүргізуде және қалай
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру керек. Осы отырыстарда осы тектес сұрақтарды көтеріп, талқыға салатын боламыз.
Ұйым
мүшелері бүгін 2016-19 жылдарға
арналған мемлекеттік білім
бағдарламасының жүзеге асырылуын тілге тиек етті. Іргелі білім ордасында шәкірттер
«Серпін» және дуальдық
білім беру бағдарламасы бойынша оқып, еңбек нарығында сұранысқа ие
мамандықтарды меңгеріп шығады. Колледж
басшылығы мемлеттік бағдарламада көрсетілген міндеттерге басымдылық бере
отырып, білікті-білімді түлектер дайындауды мақста тұтамыз дейді.
Арман
Шамшин, Қостанай құрылыс колледжінің директоры:
Колледжердің
бәрі де 2019 жылы 40 пайыз жұмыскер мамандықтар дайындауы тиіс. Соған басымдылық жасаймыз. Және сол
бағыт бойынша оқытып жатырмыз.
Заңғар САНАЙ