Русский Сайттың толық нұсқасы

Түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатыса алмайды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2015
  • 1988

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатыса алмайтын болды. Дипломатиялық корпустың отырысы барысында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай деп мәлімдеді.  

11 қыркүйек күні Астанада түркі мемлекеттері көшбасшыларының бас қосуы өтеді деп жоспарланған. Оған Әзірбайжан, Қырғызстан және басқа да бірқатар түркі тілдес мемлекеттердің басшылары келеді деп күтілуде. «Бүгін Түркияда кезекті рет террористік акт орын алды. Осыған орай түрік президенті белгілі себептермен Астанаға келе алмайды», - деді Ерлан Ыдырысов. 

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Өкінішке орай, елінде террористік актілерге қатысты ауыр жағдай орын алғандықтан, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мырза Астанаға келе алмайды. Десе де, ол Қазақстанға жоғары лауазымды өкілдерін жібермек. Бұл басқосуға өзге де мемлекеттердің лауазымды тұлғалары келеді деп күтілуде. Онда күн тәртібіндегі маңызды мәселелер талқыланатын болады.