Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әкімі салынып жатқан әлеуметтік нысандарда болды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 1133

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков құрылысы осы жылдың соңында аяқталу тиіс бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс қарқынымен танысты. Бұл жайында елорда әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Жыл соңына дейін «Есіл» ауданында 200 орындық балабақша іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ, 1200 орындық мектеп пайдалануға берілмек. Білім беру мекемелерінен бөлек, елорда басшысы денсаулық сақтау саласындағы құрылыс нысандарын аралады. Атап айтқанда, Қабанбай батыр даңғылынадағы 250 орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Теміржолшылар тұрғын алабында орналасқан 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер, сонымен бірге бір ауысымда 150 келушіні қабылдауға арналған 250 орындық медициналық-санитарлық оңалту орталығы іске қосылмақ.

Қала әкімі Астанада туберкулез ауруына шалдығу жағдайларының азаюы байқалатынын атап өтті. Сондай-ақ, инфрақұрылым, жаңа нысандарға апаратын жолдар, жаңа білім беру және медициналық мекемелердің кәсіби кадр мәселелерін сөз етті. 

Т.ОСПАНБАЕВА