Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2015
  • 1264

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады. Кездесуде облыс әкімі Елбасыға мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен әлеуметтік-экономикалық ахуал жағдайы, сондай-ақ аймақтағы аграрлық сектордың дамуы жайында баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кететін жәйт, Елбасы ел экономикасында өзіндік орны бар Шығыс Қазақстан облысы жаһандық дағдарысты айтарлықтай ауыртпалықсыз еңсеруді жүктеді. Қабылдау соңында Мемлекет басшысы аймақ басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысына академияның тыныс тіршілігімен, жеткен жетістіктері мен алдағы уақытқа арналған жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде Елбасы түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін жан-жақты әрі терең зерттеу тұрғысында Түркі академиясының рөлі зор екендігін баса айтты.