Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Тәжікстанға ресми сапармен барады деп күтілуде

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 1041

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға ресми сапармен барады деп күтілуде. Сапар аясында Президент Тәжікстан лидері Эмомали Рахмоном кездеседі. Тәжік сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екі тарап өзара ынтымақтастықты көздейтін алты құжатқа қол қоймақ. 

Ең маңыздысы - Статегиялық әріптестік жөніндегі келісім. Қалған 5 құжат білім беру, спорт, ақпартты техникалық қорғау мәселелеріне қатысты. Егер құжаттар мақұлданса, тәжік студенттері Қазақстан жоғарғы оқу орындарына алдын ала дайындық курстарынан өтпей-ақ түседі.

Айта өтейік, 2014 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 85 миллион долларды құрады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА