Русский Сайттың толық нұсқасы

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының кезекті отырысы өтеді

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2015
  • 855

Бүгін Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына мүше елдердің көшбасшылары бас қосады. Олар өз аумақтарындағы лаңкестер әрекетіне жол бермеу мәселесін талқыға салмақ. Тәжік елінде мемлекеттік сапармен жүрген Елбасы осы отырысқа қатысады деп күтілуде.

Жиналысқа шақырылған Қазақстан, Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері кеше кешкі ас үстінде мәселенің мән-жайын талқылаған. Басшылар алдымен өзара шағын жиналыс өткізіп, ұйымының бас хатшысын тағайындайтын болады. Душанбе саммитінің қорытындысы бойынша 6 елдің басшылары 14 маңызды құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр.