Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы дағдарысқа сабырмен қаруға шақырды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2015
  • 1082

Президент Нұрсұлтан Назарбаев кейбіреулердің Еуразиялық экономикалық одақ отырып қалды деген сөздеріне түсініктеме берді. Сочиде өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Елбасы: «Егер бәз біреулер Еуразиялық экономикалық одақ отырып қалды десе, ол жаман болғандықтан, отырып қалған жоқ. Қазіргі жағдай солай», - деп атап өтті. Президент: «Біз дағдарыс пен құлдырауды алғаш рет бастан өткізіп жатқан жоқпыз. Бұған сабырмен қарап, сауда-саттықты арттырудың жаңа жолдарын іздеу керек»,- деді.

Соңғы кезде екі ел арасындағы тауар айналымы бәсеңдеген. Бұл экспорт тауарлары бағасының төмендеп, валюта нарығының тұрақсыздығынан болса керек. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің жаһандық азық-түлік нарығында басты рөлде болуға барлық мүмкіндік бар екенін де тілге тиек етті. Отырыс кезінде Елбасы Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ