Футболдан Қазақстан премьер-лигасының
кезекті тур ойындары болып өтті. Бас жүлдеден үмітті екі ұжым «Астана» мен
Алматының «Қайраты» күш сынасты.
Ішкі біріншілік пен Чемпиондар лигасында өнер
көрсетіп жүрген алаң иелері 30 қыркүйек күні «Галатасараймен» өтетін маңызды
ойынға қарамастан, бұл кездесуге негізгі құрамды шығарды. Бұл матч тек 3 ұпай
ғана емес, бас жүлде тағдыры шешілетін кездесу еді. Сондықтан қос
ұжым барынша дайындықпен шықты.
Ойынды өте ширақ бастаған Станимир Стойлов
шәкірттері сәт сайын Плотников қақпасын мазалаумен болды. Бірақ бүгінгі ойынға «халық
командасының»
өз жоспары бар болатын. Бірінші тайм алма-кезек шабуылдармен өтті. Ал екінші
кезеңде Жерар Гоудан керемет пас алған «Қайраттың»
жолы болмай жүрген ойыншысы Исаэль турнирдегі алғашқы әрі командасының ең
маңызды добын соқты. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. 1:0 есебімен жеңіске
жеткен алматылықтар араға 11 жыл салып, бас жүлдеге қол созым жерде тұр.