Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-елші Бабыр Дәуренбек Сыртқы істер министрлігін сотқа берді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2015
  • 1298

Экс-елші Бабыр Дәуренбек Сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Бұл туралы «Радиоточка» порталы жазады. Қазақстанның Сириядағы бұрынғы елшісі қыркүйек айының басында Астанадағы аудандық соттардың біріне арыз жазған.

Министрлік экс-елшіні алдымен елге алдыртып, содан соң жұмыстан шығарып жіберген көрінеді. Олар арызданушыға тәртіпсіздігі үшін қызметтен босатылғанын түсіндірген. Алайда елші мұнымен келіспейді. Министрлік өкілі заңға сәйкес Дәуренбектің мәселесі тәртіптік комиссия қарауына берілгенін айтады.

Ал Бабыр Дәуренбек гәптің бәрі Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібаевпен арада болған келіспеушіліктен шығып отырғанын айтады. Және мұндай бассыздық  жиі орын алатынын, қатардағы қызметкерлерге өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік берілмейтінін алға тартқан. Сотқа жолданған арызда жұмыстан шығару туралы бұйрықта экс-елшінің қандай тәртіпсіздік жасағаны ашық жазылмағаны айтылған.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ