Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Әбдібеков: Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өскен

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2015
  • 1346

Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өскен. Бұл әсіресе өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында байқалады. Аймақта биыл тау-кен өнімдері мен астық мол. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков облыстық мәслихат депутаттарына берген есебінде мәлімдеді.

Қарағанды облысы елдегі ішкі өнімнің ауқымды бөлігін иемденеді. Кеншілер шаһары әлемге әйгілі көмір мен метан өндірісін ары қарай дамытуды жалғастыра бермек. Бұл салаға инвестиция тарту жоспарда бар. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында да 4 жоба іске асырылмақ. Бұл 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Жалпы алғанда, даму көрсеткіштері тұрақты және серпінді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша өсім байқалады. Біз халықпен, құрметті депутаттар, бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Соның негізінде көптеген жобаларды жүзеге асырдық. 

Айжан ҚУАШ