Бүгін
барша мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталды. Осыған орай
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұртшылықты маңызды мерекемен құттықтады.
Мемлекет басшысы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, жамағатпен бірге намазға
жығылды. Сондай-ақ Алла үйіне ағылған кәрі жасы аралас тұрғындармен
әңгімелесті.
«Бұл
күні адамдар өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне жақын бола түседі. Мереке
біріктіруші рөл атқарады. Тәуелсіздік алғаннан кейін ислам дінімен қайта
қауыштық. Соның арқасында даму бағытындағы жолымызды жалғастырып
келеміз. Бірлігіміз бен татулығымызды нығайттық»,
- деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев
сондай-ақ «қазіргі
діни қақтығыстар қылмыс» дей келе, Қазақстанның ондайдан
аулақ екеніне тоқталды.
Нұрсұлтан
Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Мұсылмандардың
өзі бір біріне пышақ жұмсап адамды қойша бауыздап жатқаннан біз аулақпыз. Бұл
мұсылмандық емес, зорлық-зомбылық. Қылмыс деп санау керек. Сондықтан мен
қазақстандықтар дұрыс жолмен жүрсе екен деп ойлаймын. Бүгінгі күні барлық
халыққа бақ-береке төзімділік пен шыдамдылық тілеймін. Болашағымыз жарқын
болатынына мен сенімдімін. Құтты болсын құрбан айт! Мерекеміз мүбәрак болсын!