Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жайы кезекті рет талқыланды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2016
  • 1610

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі заман талабына сай жұмыс істемей отыр. Бұл жөнінде партия жанындағы жемқорлыққа қарсы Республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Кеңес төрағасының бірінші орынбасары Оралбай Әбдікәрімовтің айтуынша, бұл - партияның аймақтық филиалына қатысты басты кемшіліктердің бірі.

Айта кетейік, соңғы уақытта дәл осы Қостанай облысында  жергілікті лауазымды шенеуніктер жемқорлыққа барды деп айыпталып жаза арқалаған болатын. Атап айтқанда, Қостанай қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелян бірнеше адаммен алдын-ала келісім бойынша пара алды деген айыппен сотталды. Ал тұрғын-үй коммуналды шаруашылық бөлімінің экс-басшысы Жеңіс Шинкин кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, ірі көлемде пара алу, пара беру және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу баптарымен жазаға кесілген.

Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ҚК төрағасының бірінші орынбасары:

Әлі күнге дейін партия ұйымдарында талқыланған жоқ, неге солай болды, неге сол азаматтар сондай іске кірісті, жанындағы партия мүшелері қайда қарап отырды. Өйткені заң талабы бойынша әрбір мемлекеттік қызметкер ондай мәліметтер белгілі болса, өзіне оны хабарлау керек тиісті орындарға, қарап отырсаңыз, олар басқа планетада болған сияқты жаңағы оқиға, әлі күнге дейін ол кемшіліктердің бірі деп айтамыз. 

Отырыс барысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Жуырда «Нұр Отан» партиясы  жанындағы жемқорлыққа қарсы Республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері Қостанай облысына арнайы сапарлаған. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының облыстағы орындалу жайы тексерілді. Өңірде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың  алдын алу шараларының жай-күйі зерттелген. Оның ішінде жергілікті мемлекеттік органдардағы сатып алулар, әлеуметтік  тапсырыстардың орындалу барысы да назарда болмақ.