Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2016
  • 1280

Нұрсұлтан Назарбаев 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады. Форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен және ресейлік бизнес өкілдерімен кездеседі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Ертең өтетін негізгі шарада Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді. Құрметті қонақтар тізімінде БҰҰ-ның Бас хатшысы, Еурокомиссия жетекшісі және Италия премьері де бар. Сондай-ақ түрлі мемлекеттерден 30-ға тарта министр, қаржыгерлер және шетелдік компания басшылары келеді. Ұзын-саны 10 мың адам күтілуде. Форум аясында жеке-жеке тақырыптар талқыға түседі. Дөңгелек үстелдер, теледебат пен пікірталастар өтеді. Алдағы үш күнде жүздеген шара жоспарланған. Оның ішінде Шаңхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС өкілдерінің кездесуі бар. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ