Нұрсұлтан
Назарбаев 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербург
қаласына барады. Форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу көзделіп
отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен және
ресейлік бизнес өкілдерімен кездеседі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты
хабарлайды.
Ертең
өтетін негізгі шарада Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді. Құрметті қонақтар тізімінде
БҰҰ-ның Бас хатшысы, Еурокомиссия жетекшісі және Италия премьері де бар. Сондай-ақ түрлі мемлекеттерден 30-ға
тарта министр, қаржыгерлер және шетелдік компания басшылары келеді. Ұзын-саны
10 мың адам күтілуде. Форум аясында жеке-жеке тақырыптар талқыға түседі.
Дөңгелек үстелдер, теледебат пен пікірталастар өтеді. Алдағы үш күнде жүздеген
шара жоспарланған. Оның ішінде Шаңхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС өкілдерінің
кездесуі бар.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ