Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан сириялық билік пен оппозицияның Женевалық процесс аясындағы келіссөздерінің жалғасуын күтуде

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2015
  • 1059

Бүгін Астанада осы Сирия мәселесі бойынша қазан айының басына жоспарланған маңызды кездесу басталды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан сириялық билік пен оппозицияның Женевалық процесс аясындағы келіссөздердің жалғасуын күтетінін мәлімдеді.

Мұны Гүлшара Әбдіқалықова сириялық оппозициямен келіссөздердің екінші раундының ашылуында айтты. «Қазақстан тарапы халықаралық қатынастардағы сенімді қалыптастырудағы және халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әзір. Бұдан басқа еліміз Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын», - деді Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Сириядағы гуманитарлық апат әлемдегі ірі дағдарыстардың біріне айналды. Ол қазір тек аймақтық проблема ғана болып саналмайды. Сондықтан біздің ел қолдан келгенше Сирияға көмектесіп жатыр. Гуманитарлық көмек әлі де жалғасын таба бермек. Біз дағдарысты бастан кешіріп жатқан сириялық халықты ең алдымен дәрі-дәрмек және азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз қажет. 

Жұрағат БАМАН