«Нұр
Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауында үкімет мүшелерінің
азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауы жалғасуда. Бүгін кезек Білім және
ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке келді. Бұл жолы тұрғындар түйткілді
мәселелерін министрге тікелей қоюға мүмкіндік алды. Көкейде жүрген сауалын
азаматтар тағы қандай министрге қай күні қоя алады? Бұл жөнінде тілшіміздің
материалында.
Аслан
Сәрінжіповтың қабылдауына кіріп, арызын айтуға ниет білдіргендердің қатары
қалың. Астанаға келуге мүмкіндігі жоқ аймақтардағы азаматтар министрге онлайн
жүйесі арқылы мәселелерін жеткізіп жатты. Жолдың алыстығына қарамастан, Елордаға
арнайы келгендер де бар. Мәселен, Ақмола облысы Есіл ауданының ұстаздары, аудандық білім бөлімі шығарған бұйрықтың
кесірінен тиісті қаржымыздан қағылдық, дейді.
Әшкен
Оразалина, Ақмола облысы Есіл ауданы С.Серіков атындағы мектептің ұстазы:
Биылдан
бастап мен 26 сағат қазақ тілінен орыс сыныптарына сабақ беремін. 18 сағат
бізге төленеді. Білім бөлімі Саматов Нұрлан Мәжитович айтады, 18 сағат төлейміз, басқа сағаттар вакансияға шығарылып тұр дейді. Мен осы ұстаздардан
сұрағанда, әр ұстаз жалақысынан 20 мыңнан
жоғалтып тұр.
Қабылдау
барысында белгілі болғандай, мұндай бұйрық тек Ақмола облысы Есіл ауданында ғана
берілген. Ұстаздардың айтуынша, республика тұрмақ, көршілес аудандардың өзінде
мұндай бұйрық шықпапты. Енді аудандық білім бөлімі басшысының әрекеті
салдарынан 300-ден астам ұстаз аз жалақы алуға мәжбүр. Аслан Сәрінжіпов,
бұл мәселені тексеру үшін ауданға арнайы
комиссия жіберемін, деді.
Аслан
Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Біз
бұл жағдайдың мән-жайын анықтайық. Ол кісі неліктен осындай қадамға барды екен? Министрліктен, бақылау департаментінен ауданға адам жіберіп тексеретін боламыз. Ал жалақы бойынша айтарым,
жаңа жылдан бастап еңбек ақыларыңыз өседі. Сізде жоғары санат болса, жалақыңыз
60 пайызға артуы мүмкін.
«Нұр Отан» партиясына қарасты Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі басшылығы үкімет мүшелерінің қатысуымен мұндай
шаралардың жалғасатынын жеткізді.
Абылайхан
Оспанов, «Нұр Отан» партиясы рреспубликалық қоғамдық қабылдау бөлімі
меңгерушісі:
Бізде
апта сайын Мәжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері қабылдау өткізеді. Мысалы, осы
айдың аяғына дейін Бақыт Сұлтанов, Ерболат Досаев және Берік Имашев азаматтарды
қабылдайды. Осындай кездесулер жергілікті филиалдарда да өтеді. Яғни облыс әкімдері мен бөлім басшылары қабылдаулар
өткізеді. Кім, қашан қабылдау өткізетіні бойынша тізімді «Нұр Отан» партиясының
ресми сайтынан көруге болады.
Республикалық
қоғамдық қабылдауға 9 айдың ішінде 65 мыңға жуық азамат келген. Оның 15 мыңдайы
Мәжіліс депутаттары мен министрлердің қабылдауында болды.
Берік ХАСЕНОВ