Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай өндірісі мұздай қатырылмайды...

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2016
  • 1716

Сонымен, өткен жексенбі - 17-сәуірде Дохада жиналған мұнайлы елдер өкілдері  шикізат өндіруді мұздай қатыруға келісе алмады. «Халықаралық санкцияларды алып тастағаннан кейін мұнай өндіруді өзімізге қажет көлемге жеткізген жоқпыз» деп, Иран ондай келісімге бармайтынын әу бастан айтқан. Ал Иранмен бар жағынан бәсекелес Сауд Арабиясы кездесуге барса да, келісетіндей сыңай танытса да, айнып шықты. Айналып келгенде, саясат жеңді.

Мұнай өндіруші мемлекеттердің жуық арада бір мәмілеге келетініне сарапшылар сенбейді. Себебі Иран позициясынан айнымақ емес, екіншіден, мұнай өндіруші тағы бір ірі елі – АҚШ аталған бастамаға байланысты үндемей отыр. Әлемде тәулігіне 96,5 млн баррель мұнай өндіріледі, оның 1,7 млн-ы біздің еліміздің үлесі, сондықтан Дохаға барған Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың пікірі ... оның үстіне өзі де елге оралғасын комментарий  бермеді.

Сапарбай Жұбаев, ЕҰУ аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты:

Дохадағы кездесу Ресейдің ұсынысымен өтті. Иранды көндірмекші еді, Иран көнбей қойды. Ресейдің Иранмен арасы жақсы ғой. Бұл Ресейдің ОПЕК-ке ықпалының аздығы...  Әрине, бізге енді теріс әсер етіп тұр. Біз Дохадағы жиналысқа қатыстық. Бізден ешкім сұраған да жоқ, көбейтесің бе, азайтасың ба деп. Тек ғана айтты – қаңтардағы дәрежеде тұрайық деді. Бәрі келісті – тек Иранмен келісе алмаған Сауд Арабиясы айтты – мен келіспеймін. Жаңағы ОПЕК –ке кірмейтін елдер де қол қойып берсін деді. Ал Норвегия, Канада сияқты мемлекеттер біздің ОПЕК ке үш қайнасақ сорпамыз қослымайды, біздің өз нарығымыз бар дейді... Сондықтан мен ойлаймын, ОПЕК жақын уақытта жай ғана бір, осы мәселелерді талқылайтын, бірақ шешім шығармайтын ұйымға айналды. 

Мына жағдай реформа жүргізуге түрткі болса деп ойлайсың. Бірақ мұның қалай жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Мұнай бағасы сәл құлдырай бастап еді, билік бизнеспен санаса қалды. Ал баға сәл тұрақтала қалып еді, қазақстандық шенеуніктің ештеңеге құлқы болмай қалды. Сондықтан реформалар бәрі шегіне жетіп, төзім әбден таусылғанда барып басталады, - дейді сарапшы Айдос Сарым, «Азаттыққа» берген комментарийінде.

Тағы бір сарапшы – Алмас Чукин, жеткен биігіңнен төмен құлау жаман- дейді. «1999 жылы біз онша биіктен құлаған жоқпыз, еліміз  Кеңес Одағының күйреген экономикасынан енді ғана шыға бастады. Ал қазір жан басына шаққанда 12 500 доллардан келетін жалпы ішкі өнім 6 000 доллар межесіне дейін құлдырап барады. 12 мың доллармен Еуропаның кедей елдері деңгейіне жетіп қалғанбыз, ал алты мыңмен Қырғызстан деңгейінен екі есе ғана жоғары тұрмыз», - деген.