Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада қарағай, арша, шырша, емен мен апельсин ағаштары өседі

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2015
  • 4939

Елбасының Қызылорда өңіріне сапары жалғасты. Бүгін шаһар шетіндегі «Көксу» шаруашылығына тиесілі орманда болды. Қарағай, шырша, емен, арша сияқты ағаш түрлерін жергілікті кәсіпкер өңірге әкеліп, аймақтың табиғатына икемдеген. Бүгінде аталған шаруашылықтың аумағы 20 гектарға жетіп қалған. Онда 150 мыңға жуық қылқанды, жапырақты, декоративті ағаш түрлері мен бұталар жайқалып тұр. Мұнда зиянды өңдірістерден жеңіл жұмысқа ауыстырылғандар мен зейнеткерлер жұмыс істейді. «Көксу» шаруашылығы облыстың шөлейт жерлерің көгалдандырып, экологиялық жағдайын жақсартуға  сеп болып отыр. Осы жерде өсірілген апельсиндер жақында жергілікті базарларға шығуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қандай, бір адам ойыменен, жігеріменен, ағаш өспейтін, ылғи тұз, соры шығып жатқан жерге мынадай орман өсіру деген, қандай керемет. Дәл осындай адамдарды мақтау керек. Егер де «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша барлық жастарымыз ағаш отырғызуға ынталанып, сол ағашты өсіріп, күтіп-бағатын болса оның өзі де өмірде із калдырды деп санауға болады, бір жағынан. Екінші жағынан елімізді көркейтеді, ауамызды тазартады, жеріміз әдемі болады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы биыл да күріштен рекордтық өнім жинаған қызылордалықтарды құттықтады. Айта кетейік, биыл аймақ дихандары қамбаны 420 мың тонна ақ маржанға толтырды.


Ш.САҚТАПОВА