Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов партия мүшелерімен бейнеконференция өткізді

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2015
  • 1573

Арал өңірі тұрғындарының денсаулығы, мүгедектерге берілетін экологиялық үстемақы, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясындағы кадр саясаты. Бұл мәселелерді, бүгін қызылордалықтар, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовпен өткен кездесуде көтерді. Бір мезетте, барлық аймақтағы «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері, Қызылордадағы облыс әкімшілігі жанынан жабдықталған заманауи орталыққа қосылды. Аталған саяси ұйымға мүше 400-ден аса адам, онлайн тәртібінде партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовпен тікелей байланысқа шықты. Ал, қалалық аурухананың бас дәрігері Асылбек Тоғызбаев болса, көкейіндегі сауалына жауап іздеп, кездесуге арнайы келген.

Асылбек Тоғызбаев,  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қызылорда қалалық аурухананың бас дәрігері:

Бірінші мәселе: бұл - Арал заңының мүгедектерге байланысты орындалуы, инвалидтеріміз осы уақытқа дейін осы 30-50 процент надбавканы ала алмай отыр. Республикалық медициналық радиологиялық институт бар Семейде, сол институттың бізге Қызылорда облысында филиалын ашса деген өтінішіміз бар.

Партияның аймақтағы «Жас Отан» жастар қанатында, бүгінде 11 мыңнан астам жас буын бар. Белсенді жастар, әртүрлі мамандықты таңдағанымен, мақсатттарының ортақ екенін айтады. Болашаққа деген жоспарлары биік. Ұсыныстары да жоқ емес.

Абылайхан Сабанбаев,  «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Ұсыныстарымыздың бірі ретінде осы облыстық  филиал төрағалардың республикадағы жалақысын көбейту және облыстық филиалдарға бір штат беру мәселесін қозғадық. Яғни, бұл дегеніміз мынау «Жас Отан» жастар қанатының 150 мыңға жуық жастардың басын қосып, үлкен  күшке айналып отырмыз.

Партияның кадр мәселесі де кездесуде назардан тыс қалған жоқ. Одан бөлек, әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылау, ауылдағы бастауыш партия ұйымдарынын жұмысын жандандыру, денсаулық, білім саласындағы сансыз тексерулерді азайту да тілге тиек болды. Дегенмен, Асқар Мырзахметов аталған мәселелердің басым бөлігі, партияның жоспарындағы 27 құжатқа енгенін атап өтті. Осы сапары барысында Асқар Мырзахметов, теміржол вагондарын жөндеу зауытында болып, бастауыш партия ұйымдарының жұмысымен танысты.

Бақберген Дәуренбеков,  Теміржол вагондарын жөндеу зауыты директорының орынбасары:

Мекемеде 405 адам жұмыс жасайды, соның 228 осы біздің бастауыш партия ұйымының мүшелері. Жолаушылар вагондары бізге бүкіл Қазақстанның түкпір-түікпірінен келеді, Алматы, Қостанай, Қарағынды, Алматы, Атыраудан келеді.

Жалпы, ел аумағында 5 мың 700 бастауыш партия ұйымы бар. Оларды, Асқар Мырзахметов «Нұр Отанның» негізгі күші деп атап өтті. Партия төрағасының бірінші орынбасары, осы жұмыс сапары барысында, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақта салынып жатқан "Өндіріс" индустриалды аймағының құрылысымен жақынырақ танысып қайтты.

Ш.САҚТАПОВА