Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинада Еуромайданның 36 белсендісі жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1006

Украинада Еуромайданның 36 белсендісі жоғалып кетті. Ал тәртіп сақшыларына қаңтардан бері адам жоғалуы жөнінде 129 арыз түскен.

Із-түссіз кеткендердің көбі - Киев тұрғындары. Бұған дейін 26 адам жоғалғаны туралы ресми ақпарат таратылған еді. Жоғалғандардың бірі - Дмитрий Булатов табылды. Ол 8 күн бойы әбден азапталғаны белгілі болды. Булатов қолы байланған күні қараңғы бөлмеде табылған. Қазір азаптауға қатысы барлар іздестіріліп жатыр. Десе де, бейбіт тұрғындардың із-түссіз кетуіне кім айыпты екені әлі анық емес.

Естеріңізге салайық, «Еуромайдан» белсендісінің бірі - Юрий Вербицкий 22 қаңтарда табылған. Оппозиция жетекшісі - Кличко жағдайға айыпты ретінде президентті атаған еді.

Әлия ӘШІМ