Украинада Еуромайданның 36 белсендісі
жоғалып кетті. Ал тәртіп сақшыларына қаңтардан бері адам жоғалуы жөнінде 129
арыз түскен.
Із-түссіз кеткендердің көбі - Киев
тұрғындары. Бұған дейін 26 адам жоғалғаны
туралы ресми ақпарат таратылған еді. Жоғалғандардың бірі - Дмитрий Булатов
табылды. Ол 8 күн бойы әбден азапталғаны белгілі болды. Булатов қолы байланған
күні қараңғы бөлмеде табылған. Қазір азаптауға қатысы барлар іздестіріліп
жатыр. Десе де, бейбіт тұрғындардың із-түссіз
кетуіне кім айыпты екені әлі анық емес.
Естеріңізге салайық, «Еуромайдан» белсендісінің
бірі - Юрий Вербицкий 22 қаңтарда табылған. Оппозиция жетекшісі - Кличко
жағдайға айыпты ретінде президентті атаған еді.
Әлия ӘШІМ