Атырауда атмосфералық қысым шамадан
тыс көтеріліп кетті. Арктикалық антициклонмен
байланысты мұндай табиғи құбылыс өңірде соңғы рет шамамен 40 жыл бұрын
байқалған.
Күн райын болжаушы мамандар аймақтағы
ауа қысымының көтерілуі 4 ақпанға дейін созылады деп отыр. Осыған байланысты
кеше «Эйр Астана» компаниясы бұл аймаққа жоспарланған әуе рейстерін тоқтатып
тастады. 2-ақпан күні бас аяғы 4 рейс
тоқтатылған.
Сондай-ақ, атмосфералық қысымның
ауытқуы салдарынан шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті ойындарын
Атырауда емес, басқа қалада өткізу шешілді. «Бейбарыс»
жергілікті командасының хоккейшілері және олардың қарсыластары - Көкшетаудың
«Арлан» командасы Атырауға жете алмаған.
Илхам ИБРАГИМ