Русский Сайттың толық нұсқасы

Анар Мешімбева Қазақстаннан қашпағанын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1037

Анар Мешімбева Қазақстаннан қашпағанын мәлімдеді. Оған елден кетуге қаржы полициясының басшылығы рұқсат беріпті. Статистика агенттігінің экс-басшысы жабық есік жағдайында өтіп жатқан кезекті сот отырысында осындай тосын мәлімдеме жасады.


Анар Мешімбева, айыпталушы:


Қыркүйек айында қаржы полициясының бір басшысы шақырды. Сұрақ жауап алатын шығар деп жаныма қорғаушымды ертіп алдым. Ол куә бола алады.  Ол басшы менен шетелге шығатын төлқұжатың бар ма деп сұрады. Бар деп едім, "Ендеше сізге деген ешқандай шағым жоқ. Сіз куәгерсіз. Сондықтан Қазақстаннан шыға беруіңізге болады", - деді. Мен шетелге кетуіме тыйым салынғанын айтып, қарсылық білдіріп едім. Ол алыс елдерге де барып келуге болатынын айтты.


Сөйтіп Мешімбаева алдымен Түркияға демалуға кеткен. Одан соң білікті заңгерлермен кеңесу мақсатында Мәскеуге тартқан екен. Айтуынша, сол жақта жүріп, өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздеу жаряланғанын естіген. Айыпталушы Халық санағы науқаны барысында қаржы жымқыру дерегіне өзінің қатысы жоқтығын бұған дейін де айтқан. Еске салайық, Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаеваға құзыретін асыра пайдаланды, ірі көлемдегі мемлекет қаржысын жымқырды деген айыптар тағылып отыр.


Айгүл ӘДЕПБАЙ