Русский Сайттың толық нұсқасы

Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығы көш басшыларының бірі ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1219

Қаржы полициясы Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығы көш басшыларының бірі ұсталғанын хабарлады. 1970 жылы туған Ақтөбе облысының тумасы Олег Павличенко Ресей ішкі істер органдарының қызметкерлерімен  Мәскеу қаласында қолға түсті. Ол Ресей астанасында  жеке паркингі бар, қорғауға алынған зәулім элиталық үйде тұрған көрінеді.  

Бюджет қаржысын ұрлады және жалған кәсіпкерлікпен айналысты деп айып тағылған  Олег Павличенкоға 2012 жылдың қазанында халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қазір ол 2013 жылдың 21 қарашасынан бері Мәскеудегі  тергеу изоляторында қамауда.

Айта кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты әлі 10 адам іздеуде жүр. Оның екеуі экс-әкім Бергей мен оның ағасы Аманжан Рысқалиевтар және  олардың туыстары. Одан бөлек облыстың бұрынғы лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлері де бар.


Заңғар  Замқанов,  Атырау облысы бойынша ЭҚСЖҚК департаменті бастығының орынбасары:


Тергеу материалдарына сәйкес Павличенко Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығында жалған фирмаларды тіркеумен және ұрланған бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға алмастырумен айналысатын  ұйымдасқан  қылмыстық топтың қызметіне жауапты болған. Қазіргі кезде Павличенконы ҚР-на экстрадициялау бойынша іс-шаралар дайындалуда.


Базаргүл ІЗІМОВА