Русский Сайттың толық нұсқасы

2020 жылға дейін елімізде 35 автовокзал, 45 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 155 бекет ашылады

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1349

2020 жылға дейін елімізде 35 автовокзал, 45 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 155 бекет ашылады. Мемлекет басшысының  Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру жоспарлары жөнінде баяндаған Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осыны хабарлады.


Асқар Жұмағалиев,  ҚР Көлік және коммуникация министрі:


Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 2020 жылға қарай 2 есеге, ал 2050 жылға қарай 10 есеге артады. Бағдарламаға сәйкес 2020 жылға дейін Қазақстанда 30 мың км автожолды жөндеу жоспарланған.


Сондай-ақ брифингте сөз алған Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров Алматы түбінде болған ұшақ апатына адам факторы себеп болуы мүмкін екенін айтты.  Ал 21 адамның  өмірін жалмаған апттың нақты себебі осы жылдың көктемінде белгілі болмақ. Мамандармен бірге қорытынды басқосуды осы айда өткізу жоспарланған. 


Әлия ӘШІМ