Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСКЛЮЗИВ: Бергей Рысқалиев құрған қылмыстық топтың қаржы ұрлау схемасы туралы кадрлар

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1657

Біздің қолымызға Бергей Рысқалиев төңірегінде топтасқандардың қитұрқы қаржылық схемасы туралы куәгерлер баяндаған кадрлар түсті. Жедел түсірілімді Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұсынды. Куәгерлер ұйымдасқан топтың қаржы жымқыру тәсілдері, заңсыз жолмен алынған ақшаны қандай банктерге салып, қандай мақсатта сақталғаны туралы баяндайды.


Снимал деньги по тем договорам, которые были подписаны, суммы по чеку снимал в нацвалюте и менял на доллары...  меня ожидает Корицин, около черного хода, в машине кто-то наблюдал... 


Айта кетейік, Атырауда Бергей Рысқалиев құрған қылмыстық топ мүшелері деп айып тағылған бір топ адамға қатысты сот тыңдауы 23 қаңтарда басталды. Сотқа 22 адам тартылған. Арасында облыс әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукеев пен Асқар Әбдіров, Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімов бар. Бергей Рысқалиевтың үстінен "бюджет қаржысын жымқырды" және "қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деген айыптар тағылып, тұтқынға алу туралы санкция шыққан.

2013 жылғы қаңтар айында оған іздеу жарияланды. Қаржы полициясы "Рысқалиев пен ол ұйымдастырған топ мемлекетке 71 миллиард теңгеден астам зардап тигізгенін" хабарлаған. Қазір қылмыстық топ мүшелері ретінде айып тағылған 22 адамға қатысты қылмыстық іс қаралуда. Ал ағайынды Бергей және Аманжан Рысқалиевтер мен олардың тоғыз серігіне қатысты қылмыстық іс бөлек қаралады.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА