Русский Сайттың толық нұсқасы

Сириядағы соғысқа қатыспақ болған Екібастұз қаласының 2 тұрғынына қатысты сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2014
  • 1278

Павлодарда Сириядағы соғысқа қатыспақ болған Екібастұз қаласының 2 тұрғынына қатысты сот отырысы басталды. Прокурорлардың айтуынша, олар бірнеше ауыр қылмыс үшін айыпталуда. Тергеу деректеріне сүйенсек, Абдусалям Мырзабаев пен Азамат Қазыбаев бірнеше ай бойы Сирия аумағындағы жауынгерлерді дайындау орталығында болған. Тіпті олардың «Әль-Каида» ланкестік қозғалысына қандай да бір қатысы болуы мүмкін деген деректер келтірілді. Тергеу амалдары үш айға созылды. 27 мен 30 жастағы айыпталушылар әу-бастан алданып қалғандарын айтқан. Сирияға олар ғаламтордағы үндеуге елтіп, аттандық депті. Бірақ ол жаққа барған соң жағдайдың басқаша екенін түсінген көрінеді.


Ғалиасқар Қасымов, Павлодар облыстық прокуратурасының өкілі:


Қазыбаев пен Мырзабаев бірқатар ауыр қылмысты жасады деп айыпталуда. Атап айтар болсақ, ланкестік ұйымға қатысты, ланкестік топты ұйымдастырды және ланкестік қозғалысты қаржыландырған.


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ