Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан аймақтарында әлі де қатты аяз сақталады

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 1993

Қазақстан аймақтарында әлі бірнеше күн бойына қатты аяз сақталады. Тек елдің батысы мен солтүстігінде ғана үскірік аяздың беті қайтады деп болжануда.

«Қазгидромет» орталығы, әсіресе ақпанның 4-і мен 6-ы аралығында қыс қаһарына мінеді, деп хабарлады. Қазақстан аумағына ығысқан циклон салдарынан қар жауып, ақтүтек боран болады деп күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Осының әсерінен солтүстікте ауа температурасы -35 тен -30-23 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Ал басқа аймақтарда термометр көрсеткіші күрт төмендейді. Шығыс пен орталықта -35 градус, оңтүстік пен оңтүстік-батыста -22, кей жерлерде -30 градусқа дейін төмендейді. Бұл қалыпты көрсеткіштен -13 градусқа төмен.

Илхам ИБРАГИМ