Русский Сайттың толық нұсқасы

Грецияда күшті жер сілкінісі болып, бірнеше аудан қирап қалды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 1135

Грецияның батыс аймағы тұрғындары зілзаладан соң естерін енді жия бастады. Бірнеше күн бұрын Кефалонияда жер сілкінген.

Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Табиғаттың тосын мінезі ғимараттар мен жолдарды қиратып кетті. Құлаған қабырғалар мен жиһаздардан жарақат алған 10 адам дәрігер көмегіне жүгінген.

Бәрінен Ликсури қаласы қатты бүлінді. Мұнда үйлер, ауруханалар мен жергілікті порт қирап қалды. Тұрғындардың айтуынша, үй-жайдың 90% тұруға жарамсыз. Қалада су жоқ. Қорқып қалған адамдар көліктеріне түнеп жүр. Кефалонияда 455 адам опат болған 1953 жылғы жойқын зілзаладан соң, ғимараттар беріктігі күшейтілген болатын.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА