Русский Сайттың толық нұсқасы

Роджер Федерер Қазақстанға қарсы ойнайды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2014
  • 934

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, швейцариялық теннисші Роджер Федерер Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды. Дэвис Кубогының ширек финалында Федерер ерлер құрамасы қатарында болады.

Ол достары - капитан Северин Люти және Станислав Вавринкамен бірге Қазақстанға қарсылас атанатынын өзінің Твиттердегі парақшасында жазды. Қазақстан құрамасымен арадағы ширек финалдық ойын Швейцарияда сәуірдің 4 мен 6-сы аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Бельгия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Сөйтіп, қазақстандық теннисшілер 4 жылда үшінші рет айтарлықтай деңгейге көтерілді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА