Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, швейцариялық теннисші Роджер Федерер Қазақстан құрамасына қарсы ойнайды. Дэвис
Кубогының ширек финалында Федерер ерлер құрамасы қатарында болады.
Ол достары - капитан Северин Люти және
Станислав Вавринкамен бірге Қазақстанға қарсылас атанатынын өзінің Твиттердегі
парақшасында жазды. Қазақстан құрамасымен арадағы ширек финалдық ойын
Швейцарияда сәуірдің 4 мен 6-сы аралығында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан Бельгия
құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Сөйтіп, қазақстандық
теннисшілер 4 жылда үшінші рет айтарлықтай деңгейге көтерілді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА